Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сотта Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және өзге де өңірлердегі жоғары оқу орындарының заң мамандығы бойынша білім алатын студенттері арасында өткен «Amicus Curiae Challenge» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқау Конституциялық Соттың бастамасымен Жоғарғы Сот, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі және Нидерланд Корольдігінің Елшілігімен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан «Конституция үстемдігі: құқық, заңдылық, жауапкершілік» жобасы аясында өткізілуде.
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова өз сөзінде құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін серіктестерге алғыс білдіріп, amicus curiae институтының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол болашақ заңгерлердің осы институтты қолдану бойынша практикалық дағдыларын дамыту қажеттігін ерекше айтты.
Сонымен қатар, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі миссиясының басшысы Нико Схермерс, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің өкілі Николас Мазик және «Сана Сезім» ҚБ өкілі Шахноза Хасанова сөз сөйледі.
Байқау барысында командалар іріктеліп алынған кейс бойынша amicus curiae ұстанымын әзірлеу және таныстыру бойынша өзара сайысты.
Жеңімпаздарға дипломдар, сертификаттар, сондай-ақ кәсіби практикадан өтуге дайын екендігі туралы хаттар табысталды.
Байқау туралы толық ақпарат «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ ресурстарында қолжетімді https://www.sanasezim.org/?q=node/1013, https://www.instagram.com/ngo_sanasezim/.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1210867?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау