Медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдаудың алдын алу және ерекше куәландыру тетігін қолдану мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде департамент басшысының орынбасары Л.Е. Сартымтованың төрағалығымен Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолдаудың негізділігі мәселелері қаралды. 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде көрсеткіштерге талдау жасалып, 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырылды.

Ерекше куәландыру тетігі шеңберінде куәландыру жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңеске қатысушыларға медициналық ұйымдар бөлінісіндегі статистикалық деректер жеткізіліп, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау үшін медициналық құжаттарды рәсімдеу кезінде жиі жіберілетін қателіктер қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті тарапынан мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша еліміздің барлық аумақтық бөлімшелерін қамтитын тексерулер бастамашылық етілгені атап өтілді.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде департаментке келіп түскен медициналық құжаттарды қайта тексеру және қабылданған шешімдердің негізділігін бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1210737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version