Мемлекеттік қызметшілерге олардың заңнамада белгіленген құқықтары, міндеттері және шектеулері түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілерге олардың заңнамада белгіленген құқықтары, міндеттері және шектеулері түсіндірілді. Ішкі тәртіпті сақтау, атқарушылық тәртіп және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау, адалдық, бейтараптық және азаматтарға құрметпен қарау қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді. Мәслихат аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері сақталған. Сонымен қатар қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, атап айтқанда сыйлықтар алуға тыйым салу, коммерциялық қызметке қатысу және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу туралы түсіндірме берілді. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметтің ашықтығын, заңдылығын қамтамасыз етіп, қоғамның сенімін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1209994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version