Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру: адал қызметтің үлгісі
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру – қоғамның билікке деген сенімін арттырудың маңызды факторы. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін адал, ашық және жауапкершілікпен атқаруы ерекше рөл атқарады.
Осындай үлгілі қызметтің жарқын мысалдарының бірі – Қостанай ауданы Жданов ауылдық округінің әкімі Ибраев Мендигали Ошакбаевич.
Ол өз қызметінде заңдылық, ашықтық және халыққа қызмет ету қағидаттарын басшылыққа алады. Тұрғындармен кері байланыс орнату, өзекті мәселелерді жедел шешу және халықтың қажеттіліктеріне назар аудару – оның жұмысының басты бағыттарының бірі. Тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізіліп, тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, ұсыныстар мен өтініштер қабылданады.
Жданов ауылдық округі аумағында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді:
- Ждановка ауылында — Алтынсарин көшесі;
- Кировка ауылында — Байтурсынов және Жастар көшелері;
- Семилетка ауылында — Речная және Придорожная көшелері.
Балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ждановка және Кировка ауылдарында заманауи балалар ойын алаңдары орнатылды. Қазіргі уақытта Семилетка және Васильевка ауылдарында балалар алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жастармен жұмыс та маңызды бағыттардың бірі. Ауыл әкімі тұрақты түрде Жданов жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізіп, мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру мақсатында дәрістер мен семинарлар ұйымдастырады.
Қызметтік міндеттерді адал атқару, әдеп нормаларын сақтау және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік – қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің басты қағидаттары болып табылады.
Мұндай үлгілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1210355?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау