Кедендік операцияларға тартылған Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – ОӘО) «IWI AG» және «Сolgate-Palmolive Company» Компанияларымен бірлесіп 2026 жылдың 27 сәуір сағат 15.00 ден 16.00-ға дейін ОӘО базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша тәжірибе» тақырыбында қашықтықтан Polycom бейнеконференц байланысы арқылы онлайн-тренинг өткізді.
Өткізілген онлайн-тренингтің мақсаты – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне ерекше брендтік өнімдер мен контрафактілік өнімдер арасындағы айырмашылықтарды үйрету болып табылады.
Дәріскерлер ретінде:
– «IWI AG» компаниясының өкілі Алимбаев Алпысбай Богданович;
– «Сolgate-Palmolive Company» компаниясының өкілі Надточий Михаил Дмитриевич сөз сөйледі.
Онлайн-тренингке аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарының 96 қызметкері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1210318?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау