Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес базасындағы конференция «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес базасындағы конференция

«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы»

2026 жылғы 28 сәуірде Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес базасында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шара аясында Қазақстанның білім беру жүйесін Конституциялық басымдықтар негізінде жаңғырту, сондай-ақ білім беру саясатын дамытудың өзекті бағыттары қарастырылды. Қатысушылар Конституцияның білім сапасын қамтамасыз етудегі рөліне, білім беру жүйесіндегі құқық, жауапкершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Конференция жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының, «Аманат» партиясы қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық «Болашақ» филиалының, Петропавл қалалық мәслихатының, әдістемелік орталықтың, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының, білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ өңірдегі білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Жалпы конференцияда 500 жуық қатысушы болды.

Конференция бағдарламасы:

1.Қазақстандағы білім беру жүйесін Конституциялық басымдықтар негізінде жаңғырту.  (Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Т. Таласбаева);

2.Жаңа Конституция нормаларын Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында іске асыру. (Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы бөлімінің басшысы В.А.Черных);

3.Білім беру Конституция призмасы арқылы: сапа, құқық және жауапкершілікке бағдар. («AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы А.В. Зель);

4.Конституциялық қағидаттар сапа мен құқықтық қорғалу деңгейін арттырады

(Петропавл қалалық мәслихатының депутаты, №17 ұлттық  өркендеу мектеп-кешенінің директоры Л.Ж.Жалмуканова);

5.Білім алушылардың құқықтық қорғалуы: мектептің конституциялық кепілдіктерді іске асырудағы рөлі (М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің директоры
Г.Ш.Жаканова).

Іс-шара барысында педагогикалық еңбек ардагері, Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Сәуле Әбуқызы Кереева сөз сөйледі. Ол өз сөзінде білім беру жүйесінің құқықтық негіздерін нығайту және оқу үдерісінің сапасын арттыру тұрғысынан конференция өткізудің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар марапаттау рәсімі өткізілді: білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Нуртаева Кульзагира Бикеновна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградасы — «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері үшін марапатталды; «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры Шаукерова Светлана Набиевна және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Абишева Айгуль Каиркеновна бақылау іс-шараларына сарапшы ретінде белсенді қатысқаны және өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция конструктивті және іскерлік атмосферада өтті, қатысушылар қаралған мәселелердің өзектілігін және ұсынылған тәсілдердің практикалық маңыздылығын атап өтті.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1210822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version