Сәуір айында Павлодар облысының қала және аудан мектептерінде педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған бірқатар мазмұнды әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл кездесулердің басты мақсаты – мұғалімдердің тәжірибе алмасуын күшейту, қорытынды аттестаттау мен емтихандарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету.
Ақсу қаласында Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі базасында өткен «Педагогикалық навигация» қалалық әдістемелік шеберлік алаңы педагогтерге тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынған маңызды кәсіби кездесу болды. Ал Май ауданында «Сапалы жоспарлаудан – нәтижеге» тақырыбындағы коучингте мұғалімдер сабақ жоспарлаудың тиімді жолдарын талқылап, практикалық дағдыларын жетілдірді.
Успен ауданында «Педагогикалық инновация» атты кустық әдістемелік алаң өтіп, ауыл мектептері педагогтері заманауи оқыту әдістерін талқылап, емтиханға дайындықтың тиімді стратегияларын ортаға салды. Сондай-ақ, «Қаладан-ауылға» жобасы аясында өткізілген онлайн семинарлар мен конференциялар Успен, Екібастұз аудандарының мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндік берді.
Баянауыл ауданында STEM тәсілдерін қолдану арқылы ҰБТ-ға дайындық мәселелері қарастырылса, Павлодар қаласында пән мұғалімдеріне қорытынды және аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Ал Шарбақты ауданында өткен «Педагогикалық навигация» вебинары ауыл және қала мұғалімдерін біріктіріп, кәсіби диалог алаңына айналды.
Бұл іс-шаралардың барлығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, білім сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жұмыстың маңызын айқындады. Тәжірибе алмасу алаңдары – заманауи білім берудің басты тіректерінің бірі екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1210504?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау