«ПРЕЗИДЕНТТЕР ІЗІМЕН» ЖОБАСЫ КЕЛЕС ӨҢІРІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 11 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған ресми сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуі екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашты. Осы тарихи қадамдарды халық арасында насихаттау мақсатында бастау алған «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бүгінде өз жалғасын табуда.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бастаған делегация тобы киелі Қазығұрт пен Сарыағаштан кейін Келес ауданына ат басын бұрып, достық пен бауырластыққа негізделген рухани сапарын жалғастырды.
Жобаның Келес жеріндегі сапары Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан Кеңес Одағының Батыры Лесбек Жолдасовтың ескерткішіне тағзым етуден басталды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Днепр өзенінен өту кезінде асқан ерлік көрсетіп, жау шебін бұзған қаһарман батырдың есімі екі елге де ортақ мақтаныш. Делегация мүшелерін Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы күтіп алып, батыр рухына құрмет көрсету рәсіміне қатысты. Ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылып, ел бірлігі мен ерлік тарихының маңыздылығы сөз болды.
Мұндай тағылымды шаралардың тарихи сананы жаңғыртудағы және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі ерекше екенін атап өткен қатысушылар батыр мұрасы жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі болатынын жеткізді.
Келес ауданындағы мазмұнды кездесулерден соң, аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев бастаған топ делегацияны халықаралық «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына салтанатты түрде шығарып салды. Бұл жоба екі халықтың ортақ құндылықтарын насихаттап қана қоймай, туризм мен мәдени байланыстың жаңа деңгейге көтерілуіне зор үлес қоспақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1210895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version