Прокуратураның наразылығы бойынша азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар ауданында әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесі кеңейтілді.
Бұған дейін аудан тұрғындары, атап айтқанда созылмалы вирустық гепатит пен бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, сондай-ақ орфандық аурулармен ауыратын азаматтар біржолғы ақшалай төлемдерді алуда шектеуге ұшыраған.

Павлодар ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша тиісті Қағидаларға толықтырулар енгізіліп, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Енді енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Павлодар ауданының жүздеген тұрғыны біржолғы төлемдерді ала алады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1210268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version