Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы мен облыстың жұмыс берушілерінің қатысуымен 2026 жылғы түлектерге арналған педагогикалық мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы, Ақтөбе қаласының Мансап орталығы, «Қамқорлық» орталығы, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен әлеуметтік көмек көрсету орталықтары қатысып, жұмыс іздеушілерге арналған бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңке барысында университеттің болашақ түлектері жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, өз түйіндемелерін ұсынуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қатысушыларға «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Жәрмеңке өз жұмысын басқа мамандықтар бойынша ертең, яғни 29 сәуір күні сағат 10:00-де жалғастырады. Өтетін орны — Студенттер сарайы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1210741?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау