Қарағандылық спортшылар Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка және каноэде есу бойынша Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен қарағандылық спортшылар жалпы нәтижеге елеулі үлес қосып, бір күміс және екі қола медаль иеленді.

Құрлықтық біріншілік биыл жаңа форматта өтті. Турнирде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу үшін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынды.

Жарысқа 22 елден шамамен 400 спортшы қатысып, 24 медаль жиынтығы ойнатылды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 16 медальмен үшінші орынды иеленді. Алғашқы екі орын Қытай мен Өзбекстан құрамаларына бұйырды.

Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері, Теміртау ескек есу мектебінің тәрбиеленушілері де лайықты нәтиже көрсетті. Кирилл Тубаев байдаркамен 5000 метр қашықтықтағы жекелей жарыста күміс жүлдегер атанды. Ал Дмитрий Холмогоров (байдарка-екілік, 500 м) пен Виктор Степанов (каноэ-жекелік, 200 м) қола медаль иеленіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1210399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version