Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Энергетика министрлігінің басшылығымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рияд, 2026 жылғы 27 сәуір – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Энергетика министрінің халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нассер Әл-Доссаримен келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылап, көпжақты алаңдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Инвестициялық әріптестікті кеңейту, сондай-ақ тұрақты даму мен энергетикалық ресурстарды әртараптандыруға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша үйлестіру жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1210346?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version