Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге шектеу бар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҚО полициясы ескертеді

  Полицейлер қаладағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға никаб, бурка, балаклава және өзге де бетті толық жабатын заттарды себепсіз киюге болмайтыны жеткізілді.

Медициналық маска тек тиісті көрсетілімдер болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Бұл талаптар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және бейнебақылау жүйелері арқылы тұлғаларды анықтауды жеңілдетуге бағытталған.

Ерекше жағдайлар:

— медициналық көрсеткіштер

— ауа райының қолайсыздығы

— қызметтік міндеттер

— спорттық және мәдени іс-шаралар

Ескерту:

Бірінші рет — ескерту

Қайталап бұзса — айыппұл!

БҚО Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1210334?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version