«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы
Мемлекеттік қызметтерді “Қорам ауылдық округі әкімі аппараты” көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Қорам ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылы 6(алты) қызмет түрін көрсетеді.
- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2.Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
2025 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 52, оның барлығы тегін негізде, қызметтер “электрондық үкімет” порталы және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді, қағаз түрінде жанамалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – болмады.
- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 3;
2.Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 31;
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 1;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 846;
- Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту- 15;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру -2;
оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізделген бас тартулардың жалпы саны-9 (тоғыз), оның ішінде 3 (үш) қағаз түрінде;
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың фактісі болмады.
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар жоқ.
- Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы:
Ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзекті нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.
Сонымен қатар әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында қолжетімді жерлерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік – құқықтық актілермен, өтініш үлгілерімен, байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стендтер ілінген.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 2бейнеролик ұсынылды.
Халықтың қалың тобына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету:
Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына кеңінен қол жеткізу үшін әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында “өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” ұйымдастырылып, тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін өз бетінше ала алады.2025 жылы “Электрондық бұрыштар” арқылы 1015 тұрғындар электрондық қызмет алды, ЭЦҚ алғандар саны – 747.
- Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін олардың мемлекеттік қызметтерді алуы және барлық қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ыңғайлы алуы кезінде қажетті жағдайлар жасау:
Әкімшіліктің ғимаратында белгіленген нормативтерге сәйкес келетін пандус бар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін автотұрақ ұйымдастырылған, брайль қарпімен мемлекеттік органның атауы және жұмыс кестесі бар маңдайша бар, персоналды шақыру батырмалары бар.
2025 жылдың кезеңінде халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың тәртібі және артықшылығын түсіндіру бойынша – “Еңбекшіқазақ” газетінде 4 мақала, ауыл әкімінің веб-сайтында – 7 мақалаорналастырылды. Халықты ақпараттандыру мақсатында барлығы 29 іс-шара өткізіліп, 39196 адам қамтылды.
4.Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік қызметшілер оқуға жіберілмеді.
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін 1 оқыту семинары өткізілді.
Қорам ауылдық округінің әкімі Н.Сарсембеков
@.Л.Сарбаева
(. 8 (72 776) 7-63-80
e-mail: koram_akimat@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-koram/press/news/details/1210786?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау