ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігінің бас маманы Н.К. Нұрғалиева «Омбудсменнің және оның өңірлік өкілдерінің рөлі мен қызметі» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында курс тыңдаушыларына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметінің негізгі бағыттары, оның мандаты, міндеттері және азаматтардың өтініштеріне ден қою тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ Омбудсмен институтының қызметін реттейтін заңнамалық негіздерге, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғаудың ұлттық және халықаралық кепілдіктеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында өңірлік өкілдердің мемлекеттік органдармен және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл мәселелері де қамтылды.

Кездесу «Сұрақ-жауап» форматындағы диалогпен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1210888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version