Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Есіл ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
6 желтоқсандағы № 250 Жарлығына сәйкес, адамгершілік құндылықтарды ілгерілету және отбасы мен некенің (ерлі зайыптылықтың) оң бейнесін қалыптастыру, отбасының мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.
Бірінші – аудандық (аудандық) кезең (29 маусымға дейін).
Екінші – облыстық кезең (15 шілдеге дейін).
Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
Толық ақпаратты Есіл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінен 8 (715) 43-2-18-72, 8 (715) 43-2-25-23 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-esil/press/news/details/1210408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version