«Ресми құжаттарға қойылатын талаптар. Тілдік ерекшелігі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Ресми құжаттарға қойылатын талаптар. Тілдік ерекшелігі» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өтті.

Семинарды Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы жүргізді.

Іс-шара барысында спикер бұйрықтың стильдік ерекшеліктері мен түрлеріне, ресми мәтіндегі белсенді тілдік құрылымдарды қолдану мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қорытындылау барысында мемлекеттік қызметшілер әр саланың ерекшелігіне қарай біріздендірілген терминдер сөздігін әзірлеу қажеттігі туралы ұсыныстарын білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1210156?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version