Өскемендегі “AMANAT” партиясының бастамасымен “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында өңір тұрғындары полиция департаменті қызметкерлерінен, адвокаттардан, нотариустардан, медиаторлардан, сот орындаушыларынан, сондай-ақ “Қарызсыз қоғам” жобасының мамандарынан тегін заңгерлік және қаржылық кеңес алды.
Тәртіп сақшылары акцияға белсенді қатысты. Олар азаматтарға интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтып, әкімшілік полиция басқармасы мен қоғамдық қауіпсіздік бағыттарына қатысты мәселелер бойынша кеңес берді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы ақпараттық жадынамалар таратты.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, халықтың өзекті мәселелерін дер кезінде шешуге және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы іс-қимылды нығайтуға септігін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1210790?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау