Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде өткізілген «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі азаматтарды бірлескен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға ШҚО Палатасының өкілдері — Аринова Алтынай Хайдаровна мен Космынина Ольга Константиновна, сондай-ақ ШҚО Нотариаттық палатасының өкілі — Қадылбекова Марал Қадылбекқызы қатысты.
Кездесу барысында азаматтарға түрлі мәселелер бойынша құқықтық кеңес және заң көмегі көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1210397?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау