Тас жолдағы қауіпті маневр: Павлодар облысында полиция рейд жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жолда апатты жағдай туғызу — ең қауіпті құқықбұзушылықтардың бірі. Көптеген жүргізушілер егер соқтығыс болмаса, онда ешқандай заң бұзушылық жоқ деп ойлайды. Алайда заң бойынша, егер сіздің маневріңіз басқа жол қозғалысына қатысушыларды соқтығысудан қашу үшін күрт тежеуге немесе бағыттарын өзгертуге мәжбүр етсе — сіз құқықбұзушылық жасадыңыз деген сөз.

Мысалы, Успен ауданына қарасты Рождественка ауылы маңында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін елемей, жолда апатты жағдай туғызған. Көлік ағыны тығыз болғанына қарамастан, ол қауіпті маневр жасап, басқа жүргізушілерді соқтығысты болдырмау үшін жылдамдықтарын күрт өзгертуге және бағыттарын ауыстыруға мәжбүр еткен.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері құқықбұзушының жеке басын жедел анықтады. Назарсыздық пен қауіпті жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Статистика көңіл көншітпейді: жыл басынан бері өңір жолдарында осындай 200-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Полиция еске салады: апатты жағдай туғызу — тек айыппұлға емес, адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Заңнамада өмірді сақтауға бағытталған ережелер бар. Жолдағы қауіпсіздік ұсақ-түйектен құралады. Жол қозғалысы ережелерін барлығы сақтауы тиіс, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Асет Рыспаев.

Ведомствода атап өткендей, арақашықтық сақтау және маневр жасау ережелерін орындаумен қатар, мыналар да маңызды: әрдайым қауіпсіздік белдігін және балаларға арналған арнайы құрылғыларды пайдалану; көлікті дұрыс қою, басқа жүргізушілердің көру мүмкіндігін шектемеу; көлікте толық жабдықталған алғашқы көмек қобдишасы мен жарамды өрт сөндіргіштің болуы.

Сақ болыңыздар және мұқият болыңыздар! Есіңізде болсын: жол қателікті кешірмейді, ал сіздің бір маневріңіз біреудің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1210271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version