Павлодар қаласында Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Ел – Таза Жүрек» экологиялық іс-шарасы Павлодар облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдастыруымен №27 орта мектеп базасында өткізілді.
Экологиялық бастама оқушыларға арналған экология-волонтерлік интерактив форматында өтіп, ойын станциялары арқылы оқыту мен волонтерлік қызмет бағыттары бойынша командалық жұмысты қамтыды.
Іс-шараның ерекшелігі – қатысушылардың экологиялық волонтерлікке ойын және интерактивті формат арқылы толық енуі болды. Бағдарламаға жылдамдық пен дәлдікке негізделген квест-станциялар, әлеуметтік, зооволонтерлік және экологиялық волонтерлік бағыттар бойынша тапсырмалар орындалатын волонтерлік блок, сондай-ақ экология, креатив және ғылыми тәсілдерді ұштастырған шығармашылық-ғылыми станциялар енгізілді.
Іс-шара Павлодар облысы «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтары штабының ұйымдастыруымен, Павлодар облысы «Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізілді.
Аталған бастама экологиялық жауапты қоғам қалыптастыру жолындағы кезекті қадам болып, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті мен жауапкершілігі екенін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1210871?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау