Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторы «Марганец-Жайрем» АҚ-ның «Дальнезападный» учаскесінде өткен жоспарлы оқу-жаттығу жиынына қатысты. Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлері ықтимал апаттарды жою және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау бойынша нақты іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады. Шараның басты мақсаты – төтенше жағдай туындаған кездегі жедел әрекет ету тәртібін, жеке құрамның дайындығын және эвакуациялау дағдыларын тексеру. Оқу-жаттығу аясында қызметкерлердің қауіпті аймақтан адамдарды қауіпсіз жерге шығару және апаттық жағдайдың бетін қайтару бойынша үйлесімді жұмысы назарға алынды. Арнайы құрылған комиссия қатысушылардың дайындық деңгейін жоғары деп бағалады. Жиын қорытындысы бойынша нысанның апатты жағдайларды ескерту мен оларды жоюға толық дайын екендігі ресми түрде расталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1210674?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау