Тұрақты комиссия отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде Курчатов қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Отырысқа Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.С. Жолдахмет қатысты.
Комиссия отырысында «2024-2025 жылдар аралығындағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан депутаттық сауалдардың орындалу барысы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының депутаты Е.М. Иманмадиевтің ақпараты тыңдалды.

Отырыс барысында депутаттар істің қазіргі жай-күйін талдап, жергілікті атқарушы органдардың назарын қаладағы шешімін таппаған бірқатар коммуналдық мәселелерге назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша атқарушы органдар тарапынан үстіртін жауап беру тәжірибесін жою және депутаттық сауалдарда көтерілген өзекті мәселелердің шешілу барысына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірленді

  Курчатов қалалық мәслихаты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1210802?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version