Жаңаталап мектебінде сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаталап орта мектебінің 1–4 сынып оқушылары арасында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершіліктерін арттыру.
Сенбілік барысында оқушылар мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Кішкентай бүлдіршіндер белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, табиғатты аялауға тәрбиелейді.
Сенбілік жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1210138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version