Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жаңатас көпсалалы колледжінің студенттерімен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері, эвакуация жолдары мен алғашқы көмек көрсету мәселелері қамтылды. Сондай-ақ, Ашық есік күні ұйымдастырылып, студенттер бөлімнің материалдық-техникалық базасымен, арнайы техникамен танысты. Құтқарушылар өз қызметі туралы айтып, мамандықтың маңыздылығын түсіндірді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1210473?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау