Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында қызметкерлердің кәсіби және тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында ішкі “speaking club” форматында қатысушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз ойларын жүйелі әрі еркін жеткізу, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, тәжірибелік тапсырмалар орындалып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға айрықша көңіл бөлінді.
Мұндай бастамалар қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/1210251?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау