«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» АЖ арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерге қатысты семинар-кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының ұйымдастыруымен а.ж. 27-28 сәуірі аралығында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» АЖ арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерге қатысты «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік копорациясы КЕАҚ Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры департаментінің басшысы К.Н Сагадиевтің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске облыстағы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» АЖ арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар қатысып, жиі туындайтын проблемалық мәселер талқыланып, оларды шешу жолдары мен тиісті ұсыныстар айтылды.
Семинардың екінші күні, сәуірдің 28-нде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандардың «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» АЖ-да жұмыс жасау дағдыларын одан әрі дамыту мақсатында практикалық жұмыстар өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1210621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version