2026 жылғы 29 сәуірде Қостанай ауданының қоғамдық кеңесі кезекті отырыс өткізді.
Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары негізінде отырыста Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Болат Касымжанович Сейдахметовтың «Қостанай ауданының 2025 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды.
«Әлеуметтік-экономикалық даму туралы» есептермен Тобыл қаласының әкімі Захар Константинович Комаров, Заречный ауылдық округінің әкімі Нурлан Сергович Кузайбин, Мичурин ауылдық округінің әкімі Талгат Кенжебаевич Майшин сөз сөйледі.
«2025 жылы Қостанай ауданында мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары туралы» «Ішкі бақылау қызметі бөлімі» ММ басшысы Дина Парзовна Шамшиева есеп берді.
Әр сөз сөйлегеннен кейін Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған ақпарат бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылған мәселелер бойынша оларды орындау үшін ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1211463?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау