Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына орай брифинг өтті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, конкурстық комиссия мүшесі Ғайни Есембекова және 2025 жылғы грант иегері Айжан Өмірбаева қатысты.
Брифинг барысында 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын бөлініп келетіні атап өтілді.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңге көлемінде 30 грант беріледі.
Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
Конкурс келесі 6 бағыт бойынша өткізіледі:
– «Ғылым» – жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру;
– «Мәдениет» – ұлттық мұраны насихаттау, дәстүр мен өнерді ілгерілету;
– «Ақпараттық технологиялар» – IT жобалар мен стартаптарды әзірлеу;
– «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру;
– «Медиа» – жастарға арналған танымдық және пайдалы контент әзірлеу;
– «Волонтерлік» – әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар.
Өтінімдер 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусымға дейін (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Қатысу үшін қажетті құжаттар (мемлекеттік және/немесе орыс тілінде):
– конкурстық өтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
– жоба сипаттамасы (PDF);
– 60 секундқа дейінгі бейнеролик немесе 10 слайдтан аспайтын презентация;
– шығындар сметасы (PDF);
– зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса);
– жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі (PDF).
Қосымша ақпарат үшін:
Тел.: 8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82
E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
(жұмыс күндері 9:00–18:30 аралығында)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1211172?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау