2026 жылғы қаңтар айынан бастап Жітіқара ауданында «Айқын нәтиже» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – өңірдегі қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған нақты шараларды қабылдау.
Жобаны жоспарлау барысында жүргізілген қылмыстылық талдауы 2025 жылы өңірде тіркелген қылмыстардың жартысынан астамы бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғалармен жасалғанын көрсетті, оның ішінде 20 қылмыс өтелмеген соттылығы бар адамдармен жасалған.
Осыған байланысты 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған негізгі міндет ретінде қайталама қылмыстылықты төмендету айқындалды.
Жобаны іске асыру мақсатында ведомствоаралық топ құрылды. Топ мүшелері пробация қызметі мен полиция есебінде тұрған тұлғалардың (шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, әкімшілік қадағалауда тұрғандар және ерекше талаптар белгіленген тұлғалар) тұрғылықты жерлеріне тұрақты түрде барып тұрады. Олармен үнемі жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Түнгі уақытта тұрғылықты жерінен тыс жүрген пробация есебіндегі тұлғаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мәселен, рейдтердің бірінде пробация қызметінің есебінде тұрған тұлға сотпен белгілеген шектеулерді бұза отырып, сағат 22:00-ден кейін дүкенде болғаны анықталды. Бұл жағдай оған тағайындалған жазаны бас бостандығын шектеуден бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға негіз болды.
Жалпы, 2026 жылдың өткен кезеңінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін 7 тұлғаның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, 3 тұлғаның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуының күші жойылды, 4 тұлғаға әкімшілік қадағалау белгіленді, 2 тұлғаға әкімшілік қадағалау мерзімі ұзартылды, 49 пробация есебіндегі тұлға жұмыспен қамтылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар 25,9%-ға (27-ден 20-ға дейін), өтелмеген соттылығы бар тұлғалар жасаған қылмыстар 80%-ға (10-нан 2-ге дейін), қайталама қылмыстылық 100%-ға (1-ден 0-ге дейін) төмендеді.
Криминогендік ахуалды жақсарту мақсатында «Айқын нәтиже» жобасы аясындағы жұмыс жалғасын табатын болады.
Жітіқара ауданының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1211774?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау