Алматы облысы полициясы киберқылмыстың алдын алу жұмыстарын күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Алматы облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру шараларын өткізуде. Кезекті кездесу Талғар қаласының орталық мешітінде ұйымдастырылып, онда полиция қызметкерлері жамағатқа алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында азаматтарға қаскөйлер қолданатын алдау жолдары, соның ішінде мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдері түсіндірілді. Цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Полицейлер күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректер мен банк карталарының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге қатаң кеңес берді.

– Кездесуге қатысушыларға «дроппер» ұғымы түсіндірілді. Бұл – көбіне салдарын толық түсінбей, ақшаны қолма-қол айналдыру және аудару бойынша заңсыз схемаларға тартылатын тұлға. Тәртіп сақшылары заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. Полиция азаматтарды қырағылық танытуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады, – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1211585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version