Алматы облысында ономастикалық комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алматы облысында ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында ономастика саласындағы заңнамалық өзгерістер, атау беру және қайта атау үдерісін жетілдіру, 2024–2028 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы талқыланды.

Кеңеске комиссия мүшелері, ономастика саласына жауапты аудан әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралып, тиісті баяндамалар тыңдалды. Өңірдегі аудандар мен қалаларда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайы сөз болды.

Мамандардың айтуынша, өткен жылы Алматы облысы бойынша 678 көшеге атау берілген. Сондай-ақ атауы қайталанған не мүлде қойылмаған көшелердің мәселесі шешімін тапқан. Одан бөлек, 154 көшеге соғыс ардагерлерінің есімі берілген.

Ономастика саласындағы айтулы жаңалықтың бірі – енді жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімін беру және атауын өзгерту үшін міндетті түрде облыстық ономастикалық комиссияның келісімі керек. Бұл «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес іске асуда.

Комиссия отырысында 181 көшеге атау беру туралы ұсыныстар қаралды. Олар «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінен іріктеліп алынған. Жиында көше атауларының дұрыс жазылуын бақылау, аншлагтарды бірыңғай талапқа сәйкес орналастыру, заңнама талаптарының сақталуын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жұмыс барысын жүйелеу, түсіндіру шараларын жандандыру және ономастикалық атауларды реттеу бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1211822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version