Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы «Амнистия туралы» Заңы жобасын әзірлеу шеңберінде, оның аясында алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша амнистия жүргізілетініне байланысты, төмендегіні хабарлайды.
2021 жылғы 26 наурыздағы №134 «Ұсынымды бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (қазіргі – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) бұйрығына қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде «жаппай қауіп» ұғымы енгізілген.
Аталған «жаппай қауіп» ұғымы тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған объектілер бойынша субъектілерге қатысты қолданылады:
- өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
- мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлар, мемлекеттік архивтер, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және арнайы жасанды микроклиматты және (немесе) арнайы күзет немесе терроризмге қарсы іс-шараларды талап ететін қалалар мен елді мекендердің тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
- әлеуметтік маңызы бар объектілер (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары және т.б.);
- тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер;
- көлік инфрақұрылымы объектілері;
сумен жабдықтау және су бұру объектілері.
Сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы нәтижесінде туындаған, адамның өмір сүруі мен тіршілік әрекетінің қолайлы ортасының нашарлауына әкеп соққан жағдайлар, оның ішінде:
техногендік апаттар фактілерімен байланысты (ғимараттар мен құрылыстардың көтергіш және қоршаушы конструкцияларының құлауы), мемлекет мүдделеріне, заңды және жеке тұлғаларға зиян келтіру, бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады;
жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасыз немесе белгіленген тәртіпте сараптамадан өтпеген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша объектілерді салу (қайта жаңғырту, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу);
құрылысты техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге асыру;
жекелеген көтергіш құрылыс конструкцияларының немесе олардың бөліктерінің бұзылуы;
құрылыс конструкцияларының, ғимарат немесе құрылыстың негіздерінің және іргелес аумақтың геологиялық массивтерінің жол берілмейтін деңгейде деформациялануы;
көтергіш құрылыс конструкцияларының деформациясы, орын ауыстыруы немесе тұрақтылығын жоғалтуы нәтижесінде ғимараттың немесе құрылыстың бөліктерінің, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, су алу құрылыстары, бөгеттер) немесе жүйелерінің зақымдануы, оның ішінде вертикальдан ауытқуы;
салынатын немесе салынған объектілердің тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға оң сараптама қорытындысын беру;
бекітілген құрылыс нормалары талаптарын бұза отырып орындалған және сенімсіз деректерді қамтитын, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру бойынша қорытындылар беру, бұл пайдалану сапасының нашарлауына, беріктіктің, тұрақтылықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін;
заңды тұлғалардың лицензиясының немесе аккредитация туралы куәлігінің болмауы, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін немесе техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізетін аккредиттелген ұйымдар, жобалау, іздестіру және мердігерлік қызмет лицензиялары бар тұлғалар);
сарапшылар аттестаттарының ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейіне сәйкес келмеуі немесе болмауы;
геологиялық іздестірулердің болмауы, сенімсіздігі немесе өзектілігінің болмауы;
тұрғын (тұрғын емес) үй-жайларды белгілі бір коммерциялық қызмет түрлеріне заңсыз қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта бейіндеу, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі меншік иелерінің келісімінің болмауы;
өз бетінше құрылыс жүргізу, тиісті түрде ресімделмеген жер учаскесінде құрылыс салу, өз бетінше үстеме құрылыс жүргізу;
елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының болмауы;
құрылысты уақытша тоқтату кезеңінде объектілерді консервациялау бойынша шаралар қабылдамау.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20-тарауында көзделген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша басқарма қарауына жататын істер бойынша тартылатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша амнистияға жатпайды деп санаймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-gask/press/news/details/1210971?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау