Бүгін ауданымызда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай аудан ардагерлері арасында спартакиада өтті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – ел үшін от кешкен майдангерлердің ерлігін ұлықтау, олардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болып табылады.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков арнайы қатысып, ардагерлерге құрмет білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Дүбірлі дода барысында ардагерлеріміз спорттың 7 түрі бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, әр қатысушы өз шеберлігі мен белсенділігін көрсете білді. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен ардагерлер арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.
Аталған шара тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар ардагерлер мен жас буын арасындағы байланысты нығайтып, өзара құрмет пен ынтымақтастықты арттыруға үлкен үлес қосты. Мұндай игі бастамалар қоғамда патриоттық рухты қалыптастырып, ел тарихына деген құрметті арттыра түседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1211514?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау