Асқаров көшесі 12 метрге дейін кеңейеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков А.Асқаров көшесін жаңғырту жұмыстарын көрді.

Құрылыс жұмыстары Ғ.Байтасов көшесінен бастап А.Асқаров көшесіндегі айналма жолға дейінгі аралықты қамтиды.

Жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын бұл жолды жөндеуден өткізудің маңызы зор.

Қазіргі таңда «Шапағат» шағын ауданында көптеген тұрғын үйлердің салынуы бұл аумақта көлік ағынын айтарлықтай арттыратыны белгілі. Осыған байланысты жол ені 12 метрге дейін кеңейтіліп, 4 жолақты қозғалысқа лайықталып қайта жасалып жатыр.

Жаңғырту жұмыстары толық аяқталған соң бұл бағыттағы қозғалыс едәуір жеңілдеп, кептеліс мәселесі шешімін табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1211438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version