Елордада табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, су биологиялық ресурстарын қорғау және браконьерлік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді әрі жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы мақсатта Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері “Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы” РММ-мен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактілерін және балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында қала аумағындағы базарлар мен балық өнімдері сатылатын павильондар тексеріліп, балық өнімдерін заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау және сақтау деректері анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабы бойынша екі құқық бұзушылық тіркелді.
Сонымен қатар Есіл өзені бойында жүргізілген рейдтік шаралар кезінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде 8 заңсыз балық аулау дерегі анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданып, айыппұлдар салынды.
Полиция азаматтарды табиғатты қорғау талаптарын қатаң сақтауға, заңсыз әрекеттерге жол бермеуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Табиғатты қорғау – баршаның ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1211301?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау