2026 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы білім бөлімінің «№ 50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі» базасында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру және құқықтық қорғалуды қамтамасыз ету факторы» тақырыбында кездесу өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде конституциялық қағидаттарды тиімді енгізу арқылы білім сапасын арттыру және білім алушылар мен педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейту жолдарын қарастыру.
Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысады деп жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1211597?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау