Соңғы жылдары облыста ауыл шаруашылық жануарлардың бруцеллезі бойынша жағдай қолайсыз, ол мал шаруашылығында жұмыс істейтін, жеке ауласында мал ұстайтын адамдар үшін қауіп төндіреді. 2025 жылы жіті бруцеллезбен сырқаттанғандардың саны 37 адамды құрады, 2026 жылдың басынан 5 адамға дейін жетті, алайда ауырып қалғандардың 90 % жеке ауласындағы малдан жұқтырған. Адам бруцеллезді жұқтырып алу ауру малды күткен кезде болады, әсіресе бұзаулаған және төлдеген кезде. Бруцеллезбен сырқаттанып қалудың ең басты белгісі, ол түсіктер және өлі туылған төл. Сондықтан ауру жануарлар, әсіресе бұзаулаған және төлдеген кезде қауіпті, себебі төлмен, шарана сұйықтығымен, шумен, сідікпен микроб қоршаған ортаға көп мөлшерде шығады. Кейбір кезде жануарларда бруцеллез жасырын түрде, ерекеше белгілерсіз өтеді. Сонымен қатар, жануарды сойған, етті мүшелеген кезде, ауру жануралардан шыққан сүт және ет өнімдерін пайдаланған кезде жұқтырылады.
Адам ағзасына микроб шырышты қабық пен тері арқылы тиеді. Жануарға бұзаулауға көмектескен кезде арнайы киімді киген дұрыс (халат, белдемше, етік, қолғап). Жеке гигиенаны сақтау. Малға арналған үй-жайларда дезинфекция жүргізу қажет, малға арналған үй-жайларда тамақ, су ішуге, шылым шегуге болмайды.
Егер Сіздің жануарыңызда бруцеллез анықталса, оны тез арада сойып тастау керек. Базарларда немесе жеке адамдарда сатып алынған сүтті 3-5 минут қайнатқаннан кейін ғана қолдануға болады, себебі бұл өнімдер, көбінесе, жиналып сатылады, бірнеше сиырдың сүті, олардың арасында ауру сиыр да болуы мүмкін. Барлық сүт өнімдерді (сары су, ірімшік, кілегей, май) пастерленген сүттен дайындау керек. Аталған ұсыныстарды сақтаған кезде бруцеллезді жұқтырудың алдын алуға болады.
Егер Сіздің малыңыз бруцеллезді болып танылса, тұрғылықты мекенжай бойынша медициналық тексеруден міндетті түрде өту қажет. Адамда бруцеллез жұққаннан кейін бір айдан соң шыға бастайды. Аурудың басталғаны жалпы әлсіздікпен, тәбеттің жоғалуымен, ұйқының қашуымен белгіленеді. Дене қызуы 39С дейін көтерілуі мүмкін. Адам қатты терлейді, әсіресе алақандары, дене температурасы қалыпты бола тұра. Ауру басталғанның бір ай көлемінде науқастың өзін өзі сезінуі нашарлай бастайды, ірі буындары сырқырай бастайды, ең бірінші тізеден басталады, одан кейін жамбас, табан буыны, иық, кей кезде білек буындары ауырады. Дәрігерге дер кезінде жүгіну маңызды, қосымша тексерістен өтіп, бруцеллезге қарсы ем алу қажет. Емделмеген жағдайда ауру сазылмалы түріне өтеді, ал ол еңбекке жарамсыздыққа және мүгедектікке апарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1210951?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау