Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «Музейде жасанды интеллект технологиясын пайдалану» атты музей оқулары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 28 сәуірінде цифрландыру және жасанды интеллект жылын іске асыру аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Музейде жасанды интеллект технологиясын пайдалану» тақырыбында музей оқуларын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – музей ісін дамытуда заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау және мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдерін талқылау.

Музей оқулары барысында арнайы шақырылған қонақ, сала маманы,  «TORUS.KZ» ЖШС вице-президенті Мұхамбетов Миржан Мұхамбетұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллект технологиялары туралы айтып түсіндірді.

Іс-шара бағдарламасында: музей саласындағы цифрландыру үрдістері; жасанды интеллект негізінде экспозициялар құру; виртуалды және интерактивті музей жобалары; мәдени мұраны сақтау мен зерттеудегі жаңа технологиялар мәселелері қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1211247?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version