Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы, сондай-ақ елімізде тұратын түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлері жайында әңгімеледі .
Іс-шараға Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Олар қоғамдық бірлік, өзара көмек және азаматтардың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті .
Құрметті қонақ ретінде Қостанай облыстық «Nadzieja» поляк қоғамының төрағасы Радомский Виктор Леонидович сөз сөйледі. Ол поляк халқының дәстүрлері туралы айтып, жастарға мәдени мұраны сақтау және көпұлтты құндылықтарды құрметтеу жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті .
Іс-шара барысында электронды презентация мен бейнеролик көрсетілді .
Іс-шара «Бейбітшілік пен келісім жолы. Дорога мира и согласия» атты кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1211814?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау