Кеңеске Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сербаев Мұхтар Үбәйтжанұлы мен Ақтау қаласының әкімі Байқапов Әбілқайыр Жаңайұлы қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарады.
Жиын барысында Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қ. Есмурзаева және медициналық ұйымдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Кеңесте қала аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, халықты жоспарлы екпелермен уақытылы қамту деңгейі талқыланып, жауапты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1211051?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау