2026 жылғы 29 сәуірде А.А. Алимгазинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, онда аудан әкімдігінің, қала, ауылдық округтер әкімдерінің: Қостанай ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы туралы, Қостанай ауданының Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері қаралды.
Тұрақты комиссиялардың жұмысына: аудандық мәслихат депутаттары, ауданның қоғамдық кеңесінің өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Депутаттар Қостанай ауданының 2025 жылғы бюджетінің жалпы атқарылуы оң динамикамен сипатталатынын атап өтті: кірістердің асыра орындалуы, меншікті (салықтық және салықтық емес) түсімдердің өсуі, шығыстарды игерудің жоғары дәрежесі, дебиторлық және кредиторлық берешектің төмендеуі, сондай-ақ жоспарланған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың басым бөлігін іске асыру қамтамасыз етілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар қаулылар қабылдады, онда бюджеттік процесті жетілдіру және бюджеттік жоспарлау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1211018?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау