Мектеп базасында стоматологиялық кабинет пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектеп базасында стоматологиялық кабинет пайдалануға берілді

Тараз қаласындағы Намазбай Ақшабай атындағы орта мектепте оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды жоба жүзеге асып, заманауи стоматологиялық кабинет өз жұмысын бастады. Бұл игі бастама – балалардың ауыз қуысы ауруларының алдын алып, дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді қадам.

Кабинеттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген №7 қалалық емханасының бас дәрігері Әлия Шатаева мектеп қабырғасында осындай медициналық қызметтің қолжетімді болуы – оқушылар денсаулығын сақтаудағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтіп, алдағы уақытта қызметкерлерге жауапты әрі нәтижелі еңбек тіледі.

Салтанатты жиын аясында лентаны қию рәсімі өтіп, оған білім саласының құрметті ардагері қатысып, ақжарма батасын арнады. Ол жаңа кабинеттің ашылуын өскелең ұрпақтың саулығына бағытталған ізгі бастаманың жарқын айғағы деп бағалап, игі іске ұйытқы болған азаматтарға жүрекжарды ризашылығын білдірді.

Жаңа стоматологиялық кабинет қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Енді мектеп оқушылары дәрігер көмегіне жүгіну үшін қала ішіне сабылмай-ақ, өз білім ордасында профилактикалық тексеруден өтіп, қажетті ем-дом шараларын ала алады.

Айта кетейік, мұндай жобалар жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға, аурудың алдын алуға және медициналық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1211484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version