2026 жылғы 29 сәуір күні облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайыпбек, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, Б.Серманизов, Ж.Қанаев, Е.Үсентаев, Д.Егамбердиева, Ғ.Райымбеков, Ж.Әбдібаев, Б.Айтқұлов және басқарма басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аталған мәселелер бойынша депутаттар сұрақтарын қойып, қарау нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1211787?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау