2026 жылғы 29 сәуір күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Н.Әшіров жүргізді.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайыпбек облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Ғ.Қапалбаев, С.Арыстанов, Т.Қалмұратов, С.Ералиев, Н.Сейтжанов, Е.Хандиллаев, Г.Мәлікова, Т.Қаржауов, Қ.Нышанов, Н.Шақимергенқызы және басқарма басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1211795?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау