Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Г.У. Кыстаубаеваның төрағалығымен, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы С.С. Абугалиеваның, Атырау облысы прокуроры, сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік практика бөлімі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шара оңайлатылған іс жүргізу тетігін қолдану барысында туындап отырған өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде туындайтын практикалық қиындықтар, заңнама нормаларын бірізді қолдану, іс жүргізу мерзімдерін сақтау, сондай-ақ дәлелдемелерді жинау және бағалау мәселелері кеңінен қаралды. Сонымен қатар, қатысушылар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әкімшілік өндірістің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытында ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1210962?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау