ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «БАСПАНА» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданында аудан әкімдігі мен «Otbasy Bank» акционерлік қоғамы бірлесіп «Баспана» жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тиімді бағдарламалар мен баспана сатып алуға арналған арнайы шарттар жан-жақты түсіндірілді. Банк мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, нақты кеңестер ұсынды.
Жәрмеңкеге аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
«Халықты баспанамен қамту – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта мемлекет тарапынан түрлі қолдау тетіктері қарастырылған. Бүгінгі жәрмеңке – сол мүмкіндіктерді тұрғындарға кеңінен таныстырып, тиімді пайдалануына жол ашатын маңызды алаң», – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, азаматтар Ордабасы ауданындағы кредиттік тұрғын үйлерді сатып алу мәселелері бойынша «Otbasy Bank» маманы Абжалова Бағдат Ашірбекқызына +7 (708) 777-23-58 байланыс нөмірі арқылы хабарласып, толық ақпарат ала алады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1210924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version