Әлеуметтік қорғау саласын дамутыдың Ұлттық ғылыми орталығы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи шешімдер пысықталатын және енгізілетін мамандандырылған алаң болып табылады.
Ағымдағы жылы Ғылыми орталық арқылы ОТҚ-ның пилоттық қайтару механизмі іске қосылады.
Ол тек қауіпсіз қайта пайдалануға мүмкіндік беретін ОТҚ түрлеріне қолданылады және жеке пайдалану құралдарына қатысты емес (жөргектер, протездер және т.б. сияқтылар).
Бұл механизм, мысалы, жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажет болған жағдайда, мысалы, ұзақ процедураларды күтпестен, ОТҚ жеткізілімін күту кезінде адамды ОТҚ-мен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде, ол ресми мерзімдер негізінде емес, ол ОТҚ-ның нақты жай-күйі мен адамның жеке қажеттіліктері негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұл шешімдердің дұрыстығын арттырады және алушылардың мүдделерін қорғайды.
Осылайша, ОТҚ-ны қайтару механизмін енгізу күтілетін әсерге ие:
- ОТҚ-ның қолжетімділігін арттыру, күту мерзімдерін қысқарту;
- бюджет қаражатын неғұрылым тиімді пайдалану;
- ресурстарды ұтымды пайдалану;
- ОТҚ-ны пайдалану мерзімін ұзарту;
- ОТҚ-ның техникалық жай-күйі мен тиімділігінің мониторингі жүйесін қалыптастыру;
- ОТҚ-мен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру.
Өзгерістердің негізгі мәні: оңалтудың қолжетімділігін, сапасын арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұтымдылығы мен әділдігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1211444?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау