Бүгін Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы ауылдарында қоғамдағы аналардың мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара ұйымдастырылып, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Аталған жиынға аудан әкімі Сымбат Төретаев қатысып, ел демографиясының дамуына, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып отырған аналарды арнайы құттықтады.
Шараның негізгі мақсаты-көпбалалы аналардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың ерен еңбегін дәріптеу, жас ұрпақты тәрбиелеудегі жауапкершілігі мен жанқиярлығын кеңінен насихаттау. Бүгінде Қазақстан Республикасында көпбалалы отбасыларды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Осыған орай мұндай марапаттар аналардың еңбегіне көрсетілген жоғары құрметтің айқын көрінісі.
Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі Сымбат Төретаев марапат иелеріне ізгі тілегін білдіріп, олардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде отбасы институтының беріктігі-мемлекеттің тұрақтылығының негізі екенін атап өтіп, көпбалалы аналардың өнегелі өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі екен.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1211670?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау