Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына сәйкес, 2026 жылғы 17 сәуірде Окраинка ауылында жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Приречен ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуі;
ауылдық округ елді мекендерінің санитарлық тазалығы, абаттандыру және көгалдандыру мәселелері;
жеке сектордағы мал жаюды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу») талаптарын сақтау;
өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау.
Сонымен қатар, тұрғындарға алаяқтық, қаржы пирамидаларының қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат жеткізілді.
Барлық қойылған сұрақтар бойынша тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-prirechen/press/news/details/1211219?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау